Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (107)

Көңіл

Көңіл деген керемет қой көтерілсе,
Асып-тасып жатады жақсы көрсе.
Бәрі жақын, бәрі дос адал болса,
Жақсылықпен өзіңе көңіл бөлсе.

Толық

Махаббат- дастан

Махаббат – дастан,
Талай жандар жырлаған.
Ақындар мен сазгерлер ,
Үзілместей жыр жазған.

Толық

Апама

Елді аузына қаратқан,
Өнерімен көзге түсіп,
Бүкіл халық тамсанған,
Әрі әнші, әрі ақын жан анам.

Толық

Тойды тоқтату керек деген бауырыма

Той -томалақ бітпесін қазағымда,
Жаным -ау, осы тоймен сен алыспа,
Ат шаптырып, көкпар тартып ,
Тойлаған жақсылығын бабалар да.

Толық

Өзім туралы

Менің жаным нәзік, неге болсын мүжілем,
Түсінбейді мені көбі, оларға мен не дер ем?
Тұңғиыққа түсіп кетіп, шыға алмай ,
Серпіле алмай отырған мен не берем?

Толық

Қара өлең

Қазақтың қара өлеңі,
Көңілімді бөледі.
Жазбайын десем де,
Жүрегім тарта береді.

Толық

Қорағаты өзені

Қорағаты өзені, ойыма көп түседі,
Балық аулап, балалар айдынында жүзеді.
Қыз-келіншек жиналып кір жуатын,
Қандай қызық ұмытылмас кез еді.

Толық

Жас туралы толғау

Ойпырмай қартайдым ба денем ауыр,
Дегенге күлуші едік қайран тәуір.
Зуылдап уақыт деген өтеді екен,
Шіркін-ай, келер ме екен жастық дәуір.

Толық

Арман

Армандау керек адамға,
Шек жетпейді арманға.
Ұйқысыз таңдарды атқызып,
Армандаумен өтер уақыт талайда.

Толық

"Любовь и голуби" киносынан

"Махаббат пен көгершіндер " киносында,
Сан ойлар келеді мына басқа.
Қорқамын мен бәрінен,
қарғыс атқан соғыстан,' деп айтады актриса.

Толық

Әріп ақын

Абайдың шәкірті Әріп ақын,
Әділдікпен ағайынға болған жақын.
Дарыны мен өнеріне ел сүйсініп,
Таңқалдырған талантымен талай халқын.

Толық

Желтоқсан

Қазақтың көтерілді жастары,
Тәуелсіздік еді аңсаған арманы.
Әндетіп, күмбірлетіп күй тартқан,
Бейбіт шеру көңілді басталды

Толық

Болмасын соғыс, болмасын!

Болмасын соғыс, болмасын!
Ана жесір, бала жетім қалмасын.
Сұрапыл соғыстың қиындығын,
Ешкімнің басына салмасын.

Толық

Абайдың 150 жылдығы

Абайды білмейтін жан бар ма екен?
Ұлылығын мойындаған бүкіл әлем.
Ұлылардың Ұлысы деп атайды,
Құдіретті қара сөзді ерттеп мінген.

Толық

Жас ұлан

Галстугі желбіреген Жасұлан ,
Шақырады ұлы істерге сені Отан.
Еліңді, жеріңді қорғауға,
Дайын бол сен, әрқашан.

Толық

Нұротан

Мүшесімін Нұротан,
Мақтанамын мен оған.
Азат елдің партиясы,
Әділдікті аңсаған.

Толық

Қуанамын

Мен қуанамын,
Таңымның арайланып атқанына,
Халқымның уайымсыз жатқанына.
Бозторғай жұмыртқалаған заман болып,

Толық

Өлеңмен сырласу

Өлең, өлең сені жақсы көремін,
Шаршағанда көңіліме демеусің,- дер едім.
Өлеңменен таңым атып, күн батса,
Мен өзімді бақыттымын дер едім.

Толық

Қазақтың сусыны

Ұлы дала байлығы ,
Дер едім қазақ сусыны.
Ауыр дертке ем болған,
Шұбаты мен қымызы.

Толық

Жадыра жаным

Жадырашы жан дүнием –ай,
Көктемдегі күн нұрындай.
Әнін тыңдап құстардың,
Жүргендей бау-бақшада-ай.

Толық